«Даңқ аллеясынан» орын алды
Өскеменде «Алтын белгі» атағына лайықтылығын дәлелдеген қала мектептері түлектерінің «Даңқ аллеясы» ашылды.
Аллеяның бойында мектепті «Алтын белгімен» бітірген 19 түлектің үлкейтілген суреттері ілінген.
Биыл қаланың білім ордаларын 1784 түлек бітіріп шықты. Солардың 1320-сы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Байқау сынағының нәтижесі 79,19 орташа балды құрады. Ал 19 оқушы өздерінің «Алтын белгіге» лайықтылығын дәлелдеді.
Атап айтар болсақ, бірыңғай ұлттық тестілеуде №3 мектеп-гимназиясынан Ақбота Әбділдинова 122 балл жинаған. Бұл – биылғы түлектердің арасындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ №43 мектеп-гимназиясының төрт бірдей бітіруші түлегі «Алтын белгі» иегері атанды Олар – Қағарман Аслан, Думан Кәтіренов, Аяжан Талғатова, Әсел Қуандықова. №16 орта мектептен Асыл Сабырова да үздік нәтижеге жетті. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 150 оқушы 100 және одан жоғары балл алды.
Сегіз оқушы халықаралық пәндер олимпиадасында және ғылыми жобаларын қорғауда жеңімпаз атанып, гранттарды иеленген.