Аймақтар аухалы

Дұбығалының жолы қашан жөнделеді?

Дұбығалы көліне апаратын жол биыл емес, келесі жылы жөнделетін болды. Бұл туралы Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен хабарлады.

Осыдан біраз бұрын Ұлан ауданының әкімдігі жақында демалушылар арасында аса танымал Дұбығалы көліне апаратын жол қалпына келтірілетінін мәлім еткен болатын. Еске салайық, 2019 жылы бұл жұмыстың жобалық-сметалық құжаттамасы да әзірленген-ді.

– Қазір аталмыш жоба бойынша ведомстводан тыс сараптама жүргізілуде, ол биылғы шілде айында аяқталуы тиіс. Сараптаманың нәтижелері дайын болғаннан кейін бюджеттік өтініш жолданады. Демек, құрылыс жұмыстары шамамен 2021 жылы басталмақ. Бәрі де қаржыландыруға байланысты, – деп түсіндірді аудандық бөлім мамандары.

Айта кетейік, аталмыш жөндеу жұмыстарының құны – 1,6 миллиард теңге.

Нұржан Кенжеұлы

Ұлан ауданы

Осы айдарда

Back to top button