Тәуелсіздік - 30

Челленджден шет қалмады

Риддерде «Тәуелсіздіктің 30 құрдасы оқиды» атты челлендж ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімдігінен хабарлайды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылындағы іс-шаралар циклі аясында қалалық №1 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері «Тәуелсіздіктің 30 құрдасы оқиды» челленджіне үн қосты. Белгілі болғандай, аталмыш челленджге ел Тәуелсіздігімен құрдас кітапханашылар қатысады екен.

Айта кетейік, Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл акцияға республиканың түкпір-түкпіріндегі кітапханалар қатысуда. Әдеби қазынамызды насихаттауға және жастарға рухани-патриоттық тәрбие беруге бағытталған бұл іс-шарадан риддерліктер де шет қалмады.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button