Қоғам

Біздің облыста қанша Наурыз бар?

Біздің облыста қанша Наурыз бар?Ерекше есім

Қазақ халқы балаға ат қойғанда да ырымдап, абыройлы, беделді, ел сыйлаған адамдардың есімін беріп жатады. Ал Наурыз мерекесіне орайластырып Наурызбек, Наурызхан, Наурызай деп ат қоя ма? Әрине, саусақпен санарлық болса да, Наурыздар бар біздің облыста.
Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) саласының қызметкерлері «Соңғы 20 жылда Наурыз, Наурызбай, Наурызгүл деп есім қоюшылар мүлдем жоқ» дейді. Дей тұрғанмен, облысымыздағы Наурыз есімділермен хабарласып көрдік.
Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылының тұрғыны Наурыз Жұмаділов Ұлыстың ұлы күні алғаш тойлана бастаған жылдары, дәлірек айтсақ, 1990 жылы наурыз айының 21 күні өмірге келіпті. Бүгін, міне, 24 жасқа толып отырған Наурыз өз ауылындағы «Наурыз» шаруа қожалығының жетекшісі. Дән егіп терлеген мықты қазақтың ұрпағы бүгін де егін шаруасымен айналысады. Жас та болса, бас бола білген Наурыз негізінен Тарбағатай өңірінің тумасы.
– Мен туғанда, Наурыз мерекесі елімізде алғаш тойлана бастаған жылдар екен. Соған орай апам есімімді азан шақырып – Наурыз деп қойыпты. Есімім өзіме ұнайды, – дейді Наурыз Жұмаділов. –Ал осынау төл мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні барша халқымызға бақ-береке әкелсін. Жылқы жылы жемісті, төрт түлігіміз өрісті болсын! – деп ізгі тілегін білдірді.

Керек дерек

Жалпы, елімізде 22 наурызда есімдері Наурызбен байланысты 25 бала дүниеге келіпті. Жетеуінің есімі Наурыз болса, 9-ы Наурызбек, 6-ы Наурызбай, және Наурызғали, Наурызгүл, Наурызхан есімді сәбилер.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button