Табиғат терезесі
«Былтырдан қалған шөп емес»
Алтай ауданы Бүркіт тауының етегінде Радий Мантов есімді фотографтың назарына ерекше кадр ілікті.
Суреттен көретініміз: бұлт құрсаған Бүркіт тауы, ал етегінде бейне бір былтырдан қалған шөп орамы тәрізді оралып қалған қар.
– Иә, жиналмаған шөп деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ бұл жай ғана жел ораған қар. Табиғат тамашасы! Бұрындары да мұндайды көріп жүретінмін. Көбіне шар тәрізді болатын еді, – деді фотограф.
Бұл ғаламат туралы интернет желісіне аз-мұз көз жүгіртіп, ізденіп көріп едік. Расымен де, жел соғып тұратын ашық алаңда жұмсақ қар осылай оралып қалатыны туралы бірнеше жерде жазба көрдік.
Жасын Қалибек