Әлем

Бүйрегінде салмағы 800 грамм болатын таспен жүрген

Шри-Ланка тұрғынының бүйрегінен салмағы 800 грамм болатын тас шықты.

Маусым айының басында Шри-Ланка дәрігерлері ота кезінде ер адамның бүйрегінен ең ауыр әрі ең үлкен тас алып шыққан. Ол бірден Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

Тас Канистус Кунхе есімді Шри-Ланка азаматының бүйрегінен алынды. Салмағы – 800 грамм, ұзындығы – 13,37 см, ені – 10,55 см. Канистус Кунхе – отставкадағы сержант. Айтуынша, бүйрегіндегі салмағы 1 келіге жуықтаған тас оған ешқандай қолайсыздық тудырмаған екен.

Ота жасаған дәрігер Кугадас Сутаршан тастың суретімен бөлісіп, әлем жұртшылығын таң қалдырды.

Back to top button