«AMANAT»

Бұл қадам партияны күшейтеді

Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезіне қатысып, көптеген жаңа бастамалардың қолға алынғанына куә болдық. Тағы бір маңызды оқиға Adal партиясының Amanat-қа қосылуы болды.

Adal партиясының хатшысы Елдар Жұмағазев өз баяндамасында айтқандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдағаннан кейін Adal партиясының ішінде кеңес мүшелері, басшылығы тарапынан осындай шешім қабылданған. Яғни, Мемлекет басшысының ұсыныстары, жаңаша жұмыстары, барлығы көңілден шығып, қолдауға тұрарлық дүние болғандықтан, түпкі мақсат, ортақ мүдде болғандықтан Amanat партиясына қосылуды ұйғарыпты.

Менің ойымша, бұл – дұрыс шешім. Adal – өз жақтастары бар іргелі партия. Саяси бәсеке қызып тұрған бүгінгі таңда мұның маңызы ерекше. Осы қадам Amanat партиясын жаңартып, нығайта түсері сөзсіз.

«Адалдықтардың» айтқан аргументтерінен түсінгеніміз, Президенттің Жолдауын қолдайтындықтарын білдіріп, олар да жаңаруды мақсат тұтқан партия болғандықтан «бөлініп жеке шаруа атқарғаннан гөрі, бірге ортақ жұмыс істегеніміз дұрыс» деп шешім қабылдапты. Партияның өз дербес шешімі болғаннан кейін біз де оны қолдаймыз.

Қалқаман Сарин,

Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы,

Amanat партиясы саяси кеңесінің мүшесі

Осы айдарда

Back to top button