Жаңалықтар
Бұқтырма су қоймасында автокөлік жүргізушісінен 200 келіден астам шаян тәркіленді
230 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған Күршім ауданының тұрғыны ұсталды.
Заң бұзған азамат 44 жастағы “Браконьер” ЖПІШ аясында рейдтік іс шараларын өткізу барысында анықталған, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Полиция мәліметінше, жүргізуші шаяндарды облыс орталығына сатуға апара жатқанын мойындаған.
-Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік иесі шаяндарды белгісіз адамдардан сатып алғанын, содан кейін оларды көлікке тиеп, сату үшін облыс орталығына шығуды жоспарлағанын жеткізді. Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы шамамен 1 452 000 теңгені құрайтынын мәлімдеді, -дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ынтымақ Толқын