Әдебиет

“Бүгін менің туған күнім. Ой, пәлі-ай!..”

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Поэзияға ерекше леп әкелген ақынның туғанына биыл 90 жыл толып отыр.

Ақын 1931 жылы ақпанның тоғызы күні бұрынғы Нарынқол ауданының (қазір Райымбек ауд.) Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидің балалық шағы сұм соғыстың қасіретті жылдарына тұспа-тұс келеді. «Неңді сенің аңсаймын бала шағым, бұлдыраған айналаң ала сағым”  деген ақынның анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды асырап жеткізеді. Ақынның әкесі соғыстан қайтып оралмаған.

Қазақтың мұзбалақ ақыны атанған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың лирикалық өлеңдеріне деген сұраныс пен құрмет сол баяғынша сақталып келеді. Бұл сөзімізге ақын өлеңдеріне жазылып жатқан әндері мен жаңа кітап болып басылып жатқан шығармалары дәлел.

Балауса Қожаева

Осы айдарда

Back to top button