Білім

ҰБТ-ның кезекті кезеңі өткізіледі

17-20 тамыз аралығында  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде кезекті ҰБТ өткізіледі.

 Аталған тестілеуге ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл жинай алмаған, наурыз айында ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, сондай-ақ маусым-шілде айларында нәтижелері жойылып, ҰБТ-ға жіберілмеген және тағы бірқатар тұлғалар қатыса алады.

Тестілеу кезінде сынақтың ашық әрі адал өтуін «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары бақылайды.

-2020 жылғы 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тестілеу ережелерін бұзған 86 абитуриент тестілеуден шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Осы жолы да емтиханға әртүрлі гаджет, құралдар алып келген түлектер сынаққа жіберілмей, кері қайтарылады. Сынақ барысында рұхсат етілмеген құралдарды пайдаланып отырған талапкер емхитаннан шығарылады, ал нәтижелері есептелмейді, – деп ескертті облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев.

Егер тестілеу кезінде қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығына тап болсаңыздар, агенттіктің 1424 Сall-орталығына  қоңырау шалуларыңызға болады.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button