ҰБТ-ға дайындық ойдағыдай

Биыл Ұржар ауданында 787 түлек үлкен өмірге аттанады. Оның 670-і ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге өтініш білдіріп отыр. 45 оқушы «Алтын белгіден», тоғыз түлек «Ерекше аттестаттан» үміткер.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлнұр Құмашеваның айтуына қарағанда, оқу жылы барысында ҰБТ-ға дайындық тұрақты жүргізілген. Оқушылар Алматы, Өскемен, Семей қалаларында орналасқан «Достық», «U-Study» сияқты ҰБТӨП оқу-тестілеу орталықтарында білімдерін шыңдап, білімдерін арттырған.
Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Өскемендегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, сондай-ақ Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің дайындық курстарына 255 оқушы қатысты. Бұдан басқа, Үржар колледжі, Семей және Өскемен мемлекеттік гуманитарлық колледждері, Қазақ мемлекеттік заң университеті өкілдері кәсіптік бағдар–мамандық таңдау бойынша мектеп бітіруші түлектерге ашық есік күнін жоғары деңгейде ұйымдастырып, мамандық таңдау жайында үгіт-насихат жұмыстарын кең көлемде өткізді.
Осы іс-шаралар кезінде аудандық бюджеттен мектеп бітірушілерді тасымалдауға және оларды жатын орындармен қамтамасыз етуге бір миллион теңге, ас суына тағы да бір миллион теңге қаржы бөлінді.
Бейсенғазы Ұлықбек
Үржар ауданы.