Бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылады
Аймақтық баспасөз «Шығыс-Ақпарат» медиахолдингі аясында бірікпек. Бұл туралы облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен өткен мәжілісте мәлім болды.
Кездесуге қатысушылар Елбасы Жолдауының аясындағы ақпараттық-насихаттық жұмыс мәселелерін талқыға салды. Мұнымен қоса, мемлекеттік органдардың сыни мақалаларға жедел әрекет ету қажеттігі туралы да айтылды.
Жиын барысында «Шығыс-Ақпарат» КМК директоры Нұржан Қуантаев сөз сөйлеп, аудандық және қалалық газеттерді облыстық медиа-холдинг аясында біріктірілу жұмысы жайында мәлімдеді. Талқылау нәтиже-сі бойынша аудандар мен қалалар әкімдеріне осы іс-шараларға барынша көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.
Сондай-ақ, жиында «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Арсений Дүйсеновтің баяндамасы тыңдалды, ол аймақтағы сандық хабар тарату-дың даму келешегі жайында ақпарат берді.