Мәдениет

Бүршік таға мұздан таймау үшін жасалады

Бүршік таға мұздан таймау үшін жасалады


Қайрауық – көне музыкалық аспап
Қайрауық – қазақтың ұлттық музыкалық көне аспабы. «Қайрауықтың ащы күйіндей, қайырып боздап күйлеткен» (Т.Әлімқұлов)

Адалану (Ада-күде) – тазару, жоқ болу. Ада-күде жоқ болды. «Менгоның қалың армиясы шегіне берді. Бергі жақтан олар адаланып болған соң Лама өкіметі Бәкішке бөлініп-бөлініп орналасатын жер, күн көретін амал, астық беріп еді». (Қажығұмар Шабдан)

Көтек – киіз үйдің іргесін көтеру үшін қойылатын жастық ағаш. «Қалтаныс ас үй жақ іргені Әстенбай көтеріп, кеспелтек көтек қоя салды. (Қажығұмар Шабдан)

Емшек таға (Бүршік таға) – мұздан таймау үшін табанын біртегіс емес, бірнеше жеріне бүршік қалдырып соққан таға.
«–Өлтіріп қашқан орысың айтты, оның емшек тағалы атының ізі айтты…» (Қажығұмар Шабдан)

Бордақ – 1.Жылқының жүнінде болатын тозаң тәрізді зат. (Терлеген кезде үгіндіге айналып, өңезденіп, ішпекті, үзеңгібауды ұстап қалады). («Қазақтың әдеби тілінің түсіндірме сөздігінде» (15-томдық) бұл сөз жоқ) 2.Панасыз жетім. «Ол баланың әке-шешесі жас кезінде өліп, бордақ болып өскен» (Қызай Бақтыбайұлы)

Кіпарат (Кіпарат болу) – қабыл болу. «Дұспанының құраны кіпарат болмай-ақ қойсын» (М.Әуезов)

Әзірлеген Бодаухан Тоқанұлы

Осы айдарда

Back to top button