Қоғам

Бірлескен жобалар нәтиже береді

Бірлескен жобалар нәтиже береді

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура бастаған өкілдер облысымызда болып, бірқатар шаралар өткізді. БҰҰ-ның бірлескен бағдарламасын басқару жөніндегі комитет жиынына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының БҰҰ-мен бірлескен бағдарламасы 2011 жылы қолға алынған болатын. Мақсаты әлеуметтік жобаларды қолдау болып табылатын аталмыш бағдарламаның осы күнге дейін атқарған шаруасы да шаш етектен.
БҰҰ-ның біздің облыспен бірлескен бағдарламалары жаңа формалар мен әлеуметтік технологиялардың дамуын қолдап келді. Айта кету керек, 2011 жылдан бастап, аймақта БҰҰ бірлескен бағдарламасы жобасы аясында қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі және тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға сапалы әлеуметтік көмек беру жұмыстары көбірек атқарылды. Ауыз толтырып айтуға тұрарлық жобалардың тағы бір парасы, ол – Зайсан қаласындағы ашық бассейн, Аягөз, Үржар, Тарбағатай аудандарындағы тамшылатып суару жүйесі орнатылған жылыжайлар, Шемонайха ауданындағы сүт қабылдау цехы. Сонымен бірге Глубокое ауданындағы «Ақылды саябақ» негізінде қайта жөнделген мәдени-демалыс орнын да осы тізімге қосуға болады.
Атқарылған жұмыстарды қорытындылауға келген БҰҰ өкілдері алдымен жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті. БҰҰ-ның еліміздегі тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза өз сөзінде бағдарламаның қоғамдағы алар маңызына тоқталып, межелеген мін¬деттерін жеткізді.
-Алғаш рет Шығыс Қазақстан облысының аумағында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналып бизнес-инкубатор ашылып, тігін цехы және компьютер салондары жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр. Семей қаласында № 4 жалпы білім беру мектебінің негізінде аутизммен ауыратын балаларға арналған бірінші мамандандырылған сынып ашылды. №20 жалпы білім беру мектебінің негізінде 2 инклюзивті сынып арнайы жабдықталған. Біз бағдарлама ауқымын ке¬ңейтуді көздеп отырмыз. БҰҰ-ның барлық жеті агенттігі аймақтың дамуына атсалысатын болады. Бағдарламаның басты мақсаты – облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосып, жұмыспен қамту мәселесін шешу. Онымен қо¬са, адамдар арасындағы теңсіз¬дікті төмендету және мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру. Бұл бағ¬дарлама сіздердің облыстарыңыздың жаңа са¬тыға көтерілуіне зор әсер етеді деген сенімдеміз,-деді Норимаса Шимомура.
Журналистер қойған сауалдар көбінесе әлеуметтік жобалардың халыққа тигізетін пайдасы, бөлінген қаржы көлемі, жобаның келешектегі беталысы қандай болатын жөнінде өрбіді. БҰҰ өкілдерінің айтуынша, ел арасынан ең пайдалы, ең қажетті деген жобалар ғана таңдалынып алынып, қаржыландырылады екен. Мұндай бірлескен бағдарлама біздің облыспен қатар, Қызылорда, Маңғыстау аймақтарында кең қанат жайып үлгерген. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін арнайы үш бағыттан құралатын жұмыс жоспары жасақталған. Оның ішіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықты жұмыспен қамту, оны тиімді басқару, тұрғын үй-коммуналдық ша¬руашылығы, энерготиімділік тә¬різ¬¬ді бағыттар да кіреді.
Бұдан кейін БҰҰ өкілдері облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен өткен БҰҰ бірлескен бағдарламасын басқару жөніндегі комитетінің жиынына қатысты.
Комитеттің мақсаты жоба аясында іске асырылған жұмыстарға баға беру, атқарылған істердің артықшылықтары мен кем-кетіктерін талқылау болып табылады. Жиынды ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары өз сөзінде 2011 жылдан бері қолға алынған пилоттық жобалардың бірқатары үмітті ақтағанын айтты.
-Жиынның басты мақса¬ты – бағдарламаны жү¬зеге асыру барысында жет¬кен нәти¬желерді талқылау және ағым¬да¬ғы жылға жоспарлар құру. Сон¬дай-ақ, бірлескен бағдарлама бо-йын¬ша толағай табыстарға жету үшін қандай тиімді жолдар барын анықтау, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Біздің облыста атқарылып жатқан БҰҰ жобалары аясындағы жұмыстар елдегі ең озық үлгілер қатарына жатқызылады. Оның ішіне ана мен бала өмірін жақсарту, жастар және отбасы құндылықтарын арттыру сияқты өзекті әлеуметтік салалар кіреді. Біздің өңірде сынақтан өткен сәтті жобалар қазір өзге өңірлерде тәжірибе ретінде қолданылуда. Ең сәтті деген жобалар шет мемлекеттерге де ұсынылмақшы екен.
Бұл жұмыстар осымен тынбайды. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің айтуынша, бағдарлама бойынша халықтың әл¬сіз тобына ұсынылатын әлеуметтік көмектер көп. Жиынға қатысушы¬лар жеткен жетістіктер мен орын ал¬ған кемшіліктерді талқылап, көкейін¬дегі өзекті ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button