Аймақтар аухалы

Брендтік өнімдерімен қуантты

    Облыстық делегацияның құрамында Алматы қаласындағы мерекелік жәрмеңкеде Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері де белсенділік танытты.

Бұл жолы катонқарағайлық омарташылар мен шаруа қожалықтарының басшылары Алматының тұрғындарын ауданның брендтік өнімдерімен қуантты. Ауданның тауар өндірушілері мегаполиске жылқы еті, қымыз, бал, пантылық өнімдер мен самырсын жаңғақтарын әкелді. Олар өз тауарларын әдемі безендірілген сауда шатырларына орналастырды.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің бағасы нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен болды.

Осының бәрі Алматы тұрғындары мен қонақтарын қызықтырып, екі күндік жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін тез сатуға ықпал етті.

  Тұрсынқан Базарбаев

Катонқарағай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button