Жаңалықтар
“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
ШҚО-да “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шара 20 қазаннан 19 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты браконьерлікті, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу. Полиция өкілдері тексеріс барысында жүргізушілерден сабыр сақтап түсіністікпен қарауларын сұрайды.
-Жедел профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері көлік құралдарына, оның ішінде тасымалданатын жүкке тексеру жүргізетін болады. Облыс тұрғындарынан бұған түсіністікпен қарауды және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Ынтымақ Толқын