Қоғам

Бір күнде 10 көлікті тонаған

Бір күнде 10 көлікті тонаған

Бір тәуліктің ішінде 10 көлікті тонап, ақырында қолға түскен қарақшыны енді заң алдындағы жаза күтіп тұр.
Өскемен қалалық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, көлік тонаушы түн мезгілінде ауладағы автомобильдерді кілттерді сәйкестендіре отырып ашқан. Ол көлік ішіндегі қолына түскен заттардың бәрін, домкрат, құрал-саймандар, бейнерегистратор, радар құрылғысы, тіпті, киім-кешекке дейін алып кеткен. Қылмыскер қолғаппен жұмыс істегендіктен артынан ешқандай із қалдырмаған.
Әккі ұры ең соңғы көлікке ұялы телефонын абайсызда қалдырып кетіпті. Машинадағы заттарды апыл-ғұпыл сөмкесіне салып жатқан ол қалтасындағы телефонының түсіп қалғанын мүлдем байқамаған.
Полиция қызметкерлері номер иесін жылдам анықтап, қылмыскерді тез тауып алды. Қолға түскен қарақшы қазір тергелу үстінде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button