Спорт

Болашақ жұлдыздар бәсекесі

Өскемендегі «Smash» теннис орталығында 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы командалық жарыстың іріктеу кезеңі аяқталды.

Бір аптаға созылған жұптық және жекелей жарыстарда еліміздің түкпір-түкпірінен келген сегіз команда шеберлік байқасты. Бұл жарыстың мақсаты – республика біріншілігінің бас жүлдесіне таласатын үздік үш команданы анықтау.

Жалпы, Қазақстан кубогы – жас теннисшілер үшін ең беделді турнирдің бірі саналады. Үздік нәтиже көрсете білгендер республикалық рейтингіде алға жылжиды.

Осы ретте, бұл жолғы жарыста біздің облыстың намысын Диана Исхакова, Екатерина Иванова, Әнел Болат, Артур Дүйсенбаев, Даниал Жанболат, Әлішер Жанболатов және Темірлан Биналиев қорғағанын айту керек.

– Теннисті дамыту, жас спортшыларды қолдау – біздің әлеуметтік жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Мұндай чемпионаттар жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік береді. Кім білсін, бәлкім бірнеше жылдан кейін осы қыз-жігіттердің бірін әлемдік турнирлерден көріп қалармыз, – дейді турнирдің бас демеушісі болған «Казцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button