«Болашақпен» оқып жүр талай қазақ баласы

1993 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен халықаралық «Болашақ» стипендиясы құрылып, 1994 жылы шетелдегі жетекші оқу орындарында білім алу үшін қазақстандық студенттердің алғашқы толқыны жіберілді. Әрине, Тәуелсіздіктің ақ таңында Елбасына мұндай стратегиялық шешім қабылдау әсте оңай болмаған шығар. Бірақ егемендігін енді алған біздің елге шетелде білім алған мықты мамандардың буыны ауадай қажет еді.
Содан бері де ширек ғасырдай уақыт өтіпті. 2013 жылы бағдарламаның 20 жылдығы аясында өткен форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, сол бір қиын-қыстау кезеңді былайша еске алды:
– Зейнетақы төлейтін ақша жоқ. Барлық магазиндердің іші бос. Сатып алатын тамақ та жоқ. Ай сайын инфляция 50 процент. Ондай тоқырау баяғыда Латын Америкасында да болған жоқ. Осындай жағдайға біз тап болдық. Сондықтан тәуелсіз ел болып, Қазақстанды жеке мемлекет жасап, оны көтеру деген ұлы мақсат алдымызда тұрды. Соның ішіндегі тағдырлы қадамдардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы еді, – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
1994-2004 жылдары «Болашақ» бағдарламасы стипендиясына 785 жас ие болып, әлемнің ең үздік 13 елінде білім алса, бүгінде халықаралық бағдарламамен шетел асқандардың саны он мыңнан асып жығылыпты. Ал 2008 жылдан бастап ауыл жастарына, мемлекеттік қызметкерлер мен ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге де халықаралық бағдарлама арқылы ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілді. Õàëûқàðàëûқ áàғäàð¬ëà¬ìàëàð îðòàëûғûның деректеріне сүйенсек, бүгінде «Болашақпен» шетелде білім алған жастардың 3000-ғà æóûғû әëåóìåòò³ê ñàëàäà, 2000-íàí àñòàì òүëåê б³ë³ì ìåí ғûëûì саласында еңбек етіп, ал 1000-ғà æуығы дåíñàóëûқ ñàқòàó ìåí өíä³ð³ñò³ê ñàëàның көрігін қыздырып, 804 òүëåê ìåìëåêåòò³ê қûçìåò àòқàðып жүрген көрінеді.
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып, тағылымдамадан өткен шығысқазақстандықтар да баршылық. Бүгінгі күні осы бағдарламамен 35 шығысқазақстандық әлемнің АҚШ, Канада, Ресей, Литва, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Нидерланды, Аустрия, Германия, Франция секілді 15 мемлекетінде білім алып жатса, аталған бағдарлама бойынша шетелде білім алып, білігін шыңдап келген 199 жас облыстың әр саласында еңбек етіп, ел байлығын еселеуге үлес қосуда.
Тек Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінде 10 «болашақтық» түлек еліміздің зияткер ұрпағын қалыптастыру жолында еңбек етіп, тер төгуде.
¬- Біз шетелде оқығысы, халықаралық деңгейде білімін шыңдағысы келетін ұстаздарды әркез қолдап отырамыз. Қазірдің өзінде біздің мектепте халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен білім алған 10 мұғалім жұмыс істейді. Биыл тағы да екі мұғаліміміз осы бағдарламамен білім алуға шетелге кетті. Сондай-ақ біздің мектепке биыл Назарбаев университетін бітірген екі түлегіміз қайта оралды, – дейді мектеп директоры Күлфарида Раисова.

Осынау мектепте еңбек етіп жүрген «болашақтық» 10 маманның бірі – директордың сыртқы істер бойынша орынбасары Анара Ахметова. Өскемен қаласындағы №3 мектепті тәмамдаған ол Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түседі. Кейін Анара халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқу үшін құжаттар тапсырады. Сәттілік серік болып, бағдарламаның стипендианты атанып, Англияның солтүстігінде орналасқан Йорк қаласындағы университеттің педагогика-психология мамандығы бойынша магистратурада оқу мүмкіндігіне ие болады.
– Мен осы бағдарламамен әлемнің үздік университеттерінің бірінде білім алғаныма өте қуаныштымын. Қазақ жастарының осындай университеттерде оқуына жағдай жасап, жолын ашқан Президентімізге деген алғысым шексіз. Өйткені әлемнің жетекші университеттерінде оқудың құны өте қымбат. Баласын шетелде оқытуды әрбір отбасының жағдайы көтермейді. Мысалы, менің өзімнің бір жылғы оқу ақым 60 мың долларды құрады. Тегін білім алып жатқанымды естігенде, шетелдік құрбыларым «Қазақстан бай мемлекет пе?» деп қатты таңғалатын. Тіпті олардың арасында қызғанышпен де қарағандар болды. Менің білуімше, мұндай бағдарлама Қазақстанда, Сауд Арабиясы мен Әзербайжанда ғана бар, – дейді Анара Ахметова.
Ал осындағы тағы бір «болашақтыұ» түлек, Англиядағы «Sussex» университетінен «педагогикалық диагностика, білім саласын бағалау және басқару» мамандығы бойынша тәлімдемеден өткен ұстаз – Альмира Қалиева. Альмира – Катонқарағай ауданындағы Аққайнар ауылындағы орта мектептің түлегі. Мектеп бітіргеннен кейін Альмира С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін математика, информатика мамандығы бойынша тәмамдап, ұстаздық жолды таңдайды.

– «Болашақпен» шетелде білім алу – әрбір жастың арманы ғой. Бірақ сол жастарымыз арманына жету жолында тіл жағынан кедергілерге ұшырап жатады. Мен өзім алға қойған мақсатыма қол жеткізу үшін 2010 жылдан бастап ағылшын тілін үйренуді мықтап қолға алдым. Сөйтіп, IELTS тапcырып, 3,5 балл жинадым. Ол кезде «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде тағылымдамадан өтуге тілдің деңгейін анықтайтын халықаралық тестен үш баллдан жоғары алсаң жететін, – дейді Альмира. – «Болашақ» бағдарламасы көптеген жастың жолын ашты. Қазір шетелдік жоғары оқу орнынан алған тәжірибем қажетіме жарауда. Мен ағылшын тілін еркін меңгеріп қана қоймай, сол тілдегі ақпараттарды пайдалана алатын деңгейге жеттім, – дейді ол.
Қарапайым жұрт кейде «Болашақ» бағдарламасы қала мектебін бітіргендерге немесе қалталы адамдардың балаларына арналған деп те ойлайтынын білеміз. Бірақ мүлдем олай емес. Мысалы, Ұлыбритания астанасы Лондонда «Брунел» университетінде білім алып жүрген Айжан Аманғазина Қарауылдағы Абай мектеп-лицейін тәмамдаған екен. Семейдегі Шәкәрім атындағы университеттің ағылшын тілі факультетін аяқтаған соң, Айжан Астанадағы медицина академиясы мен медицина колледжінде ағылшын тілінен сабақ береді. Айжанның «Болашақ» бағдарламасымен оқу туралы шешім қабылдауы да қызық. Астананың сол жағалауындағы бір мекемені іздестіріп жүргенде, ол ойламаған жерден әлдебір ғимаратқа тап болады. Сөйтсе, бұл жер халықаралық «Болашақ» бағдарламасының орталығы екен. Ақыры келіп қалған соң, ол сол жердегі мамандардан оқуға түсу үшін қандай құжаттар жинау керек екендігін сұрайды. Ал он бес күннен соң емтихан тапсыруды бастап кетеді. Сөйтіп, Айжан аяқ астынан Лондонға жол тартады.

– «Болашақ» – қарапайым қазақ баласының әлемнің жетекші универ¬ситеттерінде білім алуына мүмкін¬дік беретін бірегей бағдарлама. Білімі жоқтар әке-шешесі қанша жерден қалталы адамдар болса да, мұндай оқу орындарында оқи алмайды, – дейді Айжан Аманғазина.
Қолымызға түскен бір деректерге қарағанда, осы уақытқа дейін халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқу мүмкіндігіне 70 өскемендік жас ие болыпты. Олардың қатарында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған физика, математика бағытындағы мектеп-лицей-интернатының түлектері де біршама. Қазірде осы мектептің түлегі Ә. Боғырбаева Америкада докторантурада оқып жатса, Ә. Солтанбаева – Астанадағы Назарбаев университетінің мұғалімі. Қазір Израильде докторантурада білімін жетілдіруде.
– Біздің мектеп Тәуелсіздікті алған 1991 жылы ашылған. Содан бергі ширек ғасырдың ішінде қаншама шәкірттерді түлеттік. Бүгінде біздің мектепті бітіріп, халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып келген, оқып жатқан түлектеріміз жетерлік. Жалпы, қазақ баласының қарым-қабілеті ешкімнен кем емес. Еліміздің болашағы да көкжиегі кең, өзіне сенімді осындай жастардың қолында, – дейді облыстық мамандандырылған физика, математика бағытындағы мектеп-лицей-интернатының директоры Айгүл Абдулдина.
Мейрамтай Иманғалиева