Білім

Білім тәрбиемен ұштасса ғана негізді болады

Бүгінгі жер бетіндегі халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономиканың, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы ғылым-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып-үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.

Білім тәрбиемен ұштасса ғана негізді боладыСондықтан келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениеті мен замана деген кеңістікте өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Оқушылардың тіл білімі салаларынан алған білімдерін сатылай, кешенді талдау арқылы, нақты мысалдармен дәлелдей білуге үйрету, олардың тілді меңгеру тұрғысындағы білімдерін жинақтап, қорытындылау және дамыту әр пән мұғалімінің басты ұстанымы болуға тиіс.

Мәселен, мен орыс сыныптарында қазақ тілінен сабақ беру кезінде алдымен оқушыларды тілдік материалды жүйелеп, дұрыс айтуға, талдауға дағдыландыруға ден қоямын. Менің ұстаз ретіндегі түйсінгенім бойынша, сабақта білім берумен бірге тәрбие жұмысы да қатар жүруі тиіс. Солай еткенде ғана әр оқушыға халықтың қанатты сөздерінің мәнін, мағынасын түсіндіріп, одан өнеге алуға, адамгершілік қасиеттерді, еңбек ете білуді, тіпті, әдемілік пен кішіпейілдік тәрбиесін бойларына сіңіруге болатындай.

Мен сабақта ерлік тақырыптарын өткенде үнемі жерлесіміз, Халық қаһарманы, ауданымыздың орталығына аты берілген Қасым Қайсеновтің ерлігін үлгі етемін. Батыр-дың өмірбаяны мен жазған еңбектерінен үзінділер оқып, соғыстағы ерлігін дәріптеп келемін. Әсіресе, оқушыларыма Отанды сүюге, туған елді құрметтеуге байланысты «Отан үшін отқа түс, күймейсің», «Отан оттан да ыстық» деген сынды патриоттық рух беретін мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсіндіріп, өмірде пайдалана білуге үйре-темін. Өйткені, білім тәлімді тәрбиемен ұштасқанда ғана өзінің нақты нәтижесін береді.

Альмира Тоқтарханова,
Қасым Қайсенов кентіндегі орта мектептің мұғалімі
Ұлан ауданы

Осы айдарда

Back to top button