Білім
Білім алуға ақша жинай беріңіз
Биылғы сәуірден бастап мемлекеттік білім берудің жинақтау бағдарламасы қолға алынбақ. Мұндай тың жаңалықты «Қаржылық орталық» АҚ-ның президенті Забира Оразалиева хабарлады.
– Бұл бағдарламаның кәдімгі депозиттерден айырмашылығы банктік сыйақыдан бөлек салымшының әлеуметтік жағдайына қарай 5-тен 7% аралығында мемлекеттік сыйақы қосылады. Және ол жиналған қаржының көлеміне байланысты жыл сайын үстемеленіп отырады. Бір айта кететіні, мемлекеттік сыйақы көлемі 100 АЕК-тен аспауы тиіс, – дейді орталықтың президенті Забира Оразалиева.
Ол үшін еліміздің кез келген азаматы банкте білім берудің жинақтау есепшотын аштырып, келешекте оқуына қажетті қаржыны жинай алады. Салымшының алғашқы жарнасы 3 АЕК-тен кем болмауы керек.
Шығыс-Ақпарат