Қоғам

«БІЗДІҢ АСПАН» атты алғашқы өңіраралық экологиялық бастамалар форумы өтпек

21 сәуірде Өскемен қаласында “БІЗДІҢ АСПАН” атты Экологиялық бастамалардың бірінші өңіраралық форумы өтеді. Форум бизнес, билік, сарапшылар мен экологиялық белсенділер арасындағы тікелей диалог алаңын қамтамасыз етеді.
Іс-шарада халықаралық және отандық сарапшылардың үздік экологиялық тәжірибелері таныстырылады. Кәсіпорындардың атмосфераға шығарындыларды азайту жөніндегі бастамалары мен шешімдері айтылды. Шығыс Қазақстан облысын газдандыру жоспарлары таныстырылып, келешегі талқыланды. Экономикалық дамуды, қолжетімді инфрақұрылымды және таза табиғатты теңдестіре отырып «тұрақты қалаларды» қалыптастыру үшін жағдай жасау мәселелері қарастырылады.
Форумға: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі; ҚР Парламенті Сенатының депутаттары; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі; Экологиялық белсенділер; Халықаралық сарапшылар; Қоғамдық пікір көшбасшылары қатысады.
Сондай ақ, Форум аясында Өскемен қаласының және «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің суретшілерінің жұмыстары көрмесі; Әсемгүл Мәуітқызының гүлдер көрмесі; ШҚО «Алтай балы» («ПАСЕКА» ш\қ) эко-өнімдерінің көрмесі; қолөнер және «Ақ үкі» шығармашылық бірлестігінің сәндік-қолданбалы өнер жұмыстары көрмесі; «STUDIO89» шығармашылық бірлестігінің көрмелік экспозициясы. Қатысушылар үшін Шығыс Қазақстанның экстремалды жағдайында ағаш-бұталарды отырғызу бойынша «Алтай ботаникалық бағы» мамандарынан ерекше мастер класс болады.
Форумды ұйымдастырушы – «ECOJER» Қазақстандық Қауымдастығы.
‼️СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ФОРУМ ҚОНАҚТАРЫН ТІРКЕУ: ➡️ https://clck.ru/34AAnk
Мекен жайы: Өскемен қ. Серікбаев к-сі 19, Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті (негізгі корпус).
Панельдік сессиялардың басталу уақыты – 14:00
Форумның тікелей эфирі біздің ресми аккаунттарымызда өтеді.

Осы айдарда

Back to top button