Спорт

Биылғы чемпионат ерекше

Семейде самбодан республикалық чемпионат басталды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде  2001-2002 жылы туған ұл-қыздар арасында самбодан республикалық чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл турнир  еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үш жүзден астам жас спортшылардың басын қосты.

–Бүгін жастар арасында республика чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен, соның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 275 жасөспірім мен 98 қыз қатысуда. Биыл чемпионат ерекше түрде өтеді. Сондай-ақ биыл самбо жаңа кезеңге көшеді. Өйткені биыл спортшылардың салмақ дәрежесі өзгерді. Егер бұрын салмақ санаты 10 кг болса, биыл ол 8 кг құрайды. Біздің жас самбошыларымыз жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Барлығына сәтті турнир тілейміз, – дейді самбодан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Біржан Имаханов.

Биыл Азия және әлем чемпионатын өткізу жоспарлануда. Ал қыркүйекте жастар ойыны Қазан қаласында өтпек. Бүгінгі чемпионаттың қорытындысы бойынша алдағы спорттық іс-шараларға баратын үздік самбошылар іріктеледі.

 

Флора Левина

Осы айдарда

Back to top button