Білім

Биыл жеті мектеп бой көтереді

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде биыл үш мың орындық жеті мектеп салынады. Өткен жылы 1070 орындық төрт мектеп пайдалануға берілген болатын.

– 2025 жылға дейін облыста 55 миллиард теңгеге 7,1 мың орындық 17 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оның 10-ы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтереді. Былтыр 49 білім беру нысаны жөнделді. Осы жылы 26 мектепті жөндеуге 1,1 миллиард теңге бөлінген, – дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Сондай-ақ облыста көптілді білім беруді дамыту бағдарламасы жалғасады. Былтыр барлығы 4,8 мың мұғалім өз біліктілігін арттырды. Оның ішінде аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде 400 қазақ тілі және 200 орыс тілі мұғалімі арнайы курстан өтті.

Ал осы жылы 5,3 мың педагогты оқыту жоспарланған, оның ішінде тілдік курстардан 500 мұғалім өтеді.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button