Жаңалықтар
Биыл өндірістік жарақаттан 6 адам қаза тапқан – ШҚО
Ағымдағы жылдың 9 айында өндірістік жарақаттан 82 адам зардап шегіп, оның алтауы қаза тапқан.
Ал өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейі өткен жылғымен салыстырғанда 31,6%-ға төмендеген, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Еңбек инспекциясының мәліметінше жұмыс орнында зардап шеккен 82 адамның 41-і ауыр, ал 35-і жеңіл жарақат алған. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары бойынша облыста 42 кәсіпорын «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылған. Сонымен қатар 14 кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілген.
Ынтымақ Толқын