Спорт

Биыл да Өскеменде өтеді

Республикалық жеңіл атлетика федерациясы елімізде қысқы маусым аясында өткізілетін жарыстардың күнтізбесін жариялады.

Бір атап өтерлігі, биыл соңғы жеті жылда алғаш рет ересектер арасындағы додалардың дені әдеттегідей Өскеменде емес, Астанада ұйымдастырылатын болыпты. Бұл ең алдымен, Елордамызда «Қазақстан» деп аталатын су жаңа жеңіл атлетика кешенінің іске қосылуына байланысты болып отыр. Дегенмен бұл – биыл Шығыс Қазақстан облысының орталығы ірі турнирлерсіз қалады деген сөз емес.

Мәселен, ақпан айының 18-де Өскемендегі жеңіл атлетика манежінде Олимпиада және Әлем чемпионы Ольга Рыпакованың жүлделері үшін халықаралық турнир өтеді деп жоспарлануда. Бұл турнир дәстүрлі болып табылады. Естеріңізде болса, Рыпакованың жүлделері сарапқа салынған бірінші жарыс 2015 жылы ұйымдастырылған-ды. Кейін әлемді шарпыған пандемияға байланысты турнирге қатысушылар саны едәуір азайған болатын. Алайда соңғы бірнеше жылда жарыстың ауқымы қайтадан кеңейіп келе жатыр. Тіптен кейінгі жылдары бұл жарысқа халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы да назарын аудара бастапты. Осы ретте аталмыш жарыстарда Қазақстанның көптеген рекорды жаңарғанын айтқан жөн. Ұйымдастырушылар биылғы додаға да қатысуға ниет білдіргендердің қатары көп болып, турнирдің өзі тартысты өтеді деп сеніп отыр.

Осы айдарда

Back to top button