Биыл ҰБТ-да өзгерістер бар
Биыл елімізде алғаш рет сынақ ретінде ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) екі кезеңмен жүргізіледі. Мұндай ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің өкілдері таратты.
Ағымдағы жылы республика аумағындағы 32 мектепте сынақ тестілеулері өтеді. Эксперименттің мақсаты – түлектердің жаңа тестілеу форматымен қалай тапсыратынын анықтау.
Бірінші кезеңде оқушылар мектеп бітіру емтиханын тапсыру арқылы білімдерін дәлелдеуі тиіс. Оның бағасы аттестатқа түсіріліп, өңірлердегі білім сапасының көрсеткіші ретінде қаралады. Ал тестілеудің екінші кезеңінде түлектер ЖОО-ға түсу үшін әр мамандыққа жеке-жеке тапсыратын болады.
Бірінші кезеңде функционалдық сауаттылық пен логикаға арналған жалпы бір тест және бес пән бойынша бес түрлі тест өткізілсе, екінші кезеңде бір тест логикаға және екі тест таңдаған мамандыққа байланысты тапсырылады.