Жаңалықтар
Биыл 50-ден астам бала суға батып кетті
Қазақстанда жыл басынан бері 50-ден астам бала суға батып кетті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елімізде биыл 176 адам, оның ішінде 54 бала суға батып кеткен, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Шомылу маусымы басталғалы бері 190 адам құтқарылған, оның ішінде 64 бала бар. Шомылу маусымы аяқталуға жақын.
Төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.