Білім

Бірқатар заң бұзушылыққа жол берген

Шығыс Қазақстанда жүзеге асып жатқан Artsport бағдарламасына қатысты бірқатар заң бұзушылық анықталды. Облыс прокуратурасының мәліметінше, мамыр айынан бері облыс бюджетінен балалардың тегін дәріс алуына 1,4 миллиард теңге бөлінген-ді.

– Бүгінде 133 жеткізуші 12 154 балаға арналған 57 секция мен үйірме ашты, – делінген хабарламада.

Тексеріс барысында сабаққа қатыспаған балалардың оқу ақысын төлеуде, сабақ өткізбеген жаттықтырушыларға қосымша ақы төлеуде бірқатар заң бұзушылыққа жол берілгені белгілі болды.

– Сегіз миллион теңгеге жуық заңсыз шығынды анықтадық. Қазір процессуалдық шешім қабылданып жатыр. Ұйымдастырушылардың заңсыз әрекеттеріне прокуратураның бастамасымен жүргізілген тексеруден кейін жарияланған балалардың саны да дәлел бола алады, – деп хабарлады прокуратура өкілі.

Сондай-ақ облыс прокуратурасының мамандары сабақ өткізуге арналған үй-жайлар санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған.

– 136 үй-жайдың 71-і санитарлық нормаға сай емес. Сабақ жабдықталмаған залдарда, пәтерлерде, жертөлелерде, тіпті дүкендер мен жеке тұрғын үйлерде өтіп жатқаны белгілі болды. Мұндай факторлар балалардың денсаулығына қауіп төндіруі әбден мүмкін, – деп мәлім етті прокуратура өкілі.

Сәрсен Қабылым

 

Осы айдарда

Back to top button