Білікті маманБілім

Білікті маман: Шығыста 270 грант бөлінеді

Шығыс Қазақстанда 6 жыл қатарынан “Білікті маман” жобасы жүзеге асырылып, өз жемісін беруде.

Жобаның артықшылығы – жастардың жоғары білімге қол жетімділігі едәуір кеңейді. Сондай-ақ, жобаның арқасында жастардың өзге елдерге кетуі 1800 адамнан 298 адамға дейін төмендеп, жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі 77% – ға дейін ұлғайған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ШҚО білім басқармасының ақпараты бойынша, аталмыш жобаны іске асыру кезеңінде жергілікті бюджеттен 2306 білім беру гранты бөлінген.

– Ағымдағы жылы 270 білім беру гранты білім беру, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты өңірге қажетті мамандықтарға бағытталатын болады. Конкурстың қатысушыларына білім беру грантын алу үшін өтініштер қабылдау 2023 жылдың 5-10 тамызы аралығында жүзеге асырылатынын хабарлағымыз келеді, – дейді басқармада.

Сонымен қатар олар құжаттарды тапсыру кезінде шалғай аудандардан келген талапкерлер бейнебайланыс арқылы кеңес ала алатынын айтты.

– Мемлекеттің басымдығы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға жоғары білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету екені даусыз. Осы мақсатта бірқатар санаттар үшін квоталар белгіленді – бұл бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдар, бала кезінен мүгедек адамдар; жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; ауыл жастары; ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары; үш жыл бойы толық емес мәртебесі бар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар. Міндетті шарт – өтінішке квотаны растайтын құжаттарды қоса беру қажет, – деп түсіндірді облыстық білім басқармасында.

Осы айдарда

Back to top button