Невада-Семей

Бейбіт атом енді халық игілігіне айналады

Бейбіт атом енді халық игілігіне айналады«НЕВАДА – СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА – 25 ЖЫЛ

Биылғы мамыр айында елімізде «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтеді. Бұл қозғалыстың дүниеге келуі біздің еліміз үшін маңызы зор тарихи оқиға еді. Осыған орай «Невада – Семей» қозғалысына – 25 жыл» атты арнайы айдар ашып отырмыз. Оқырмандарымызды осы айдар аясында естеліктер айтып, ой бөлісуге шақырамыз.

Биыл «Невада-Семей» халықара-лық антиядролық қозғалысының бастау алғанына 25 жыл толып отыр. Семей сынақ полигонының жабылуы еліміздегі азаматтық қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Өйткені, сынақ полигонын жабуға атсалысқан «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы азаматтық қоғам
аясында құрылған ең алғашқы үкіметтік емес ұйым болатын. Қазір қозғалыстың 18 мың мүшесі бар. Ең алғаш Олжас Сүлейменовтің жетекшілігімен жұмыстарын бастаған қозғалысқа халық сенім білдірді. Халықаралық антиядролық қозғалыс жайында оның вице-президенті, Семейдегі коммерциялық емес ұйымдардың президенті Сұлтан Картоевтың да айтары көп.
– Егемендіктің алғашқы жылдары-ақ Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ халқына арқа сүйей отырып, ұлы істі батылдықпен қолға алды. Семей полигоны жабылды. Өркениеттің дамуына үлес қосып, адамзатты ядролық қатерден құтқарды. Адам баласының міндеті бейбіт өмірге ұмтылу екендігін дәлелдеп берді.
Тіпті, сол кездері экономикалық дағ-дарыста тұрғандығына қарамастан, Қазақстан сынақтарды жалғастырудан бас тартты. Қазақстан өз жолын таң-дады. Біз бейбіт өмірді ұстанып отырмыз. Елбасымыздың Семей сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы ол кісі-нің саяси тұрғыдан алғанда даналы-ғын паш етеді. Бұл шешім Қазақстан-ның еркін ел екендігін айғақтайды. Мен әлемдегі түрлі халықаралық форумдарға қатысып жүрген адаммын. Біздің Елбасын өзге елдер керемет құрмет тұтады. Соның талай рет куәсі болдым. 1991 жылы поли-гонды жабу туралы Жарлыққа қол қойса, 1993 жылы Елбасы Алматыда өткен екінші халықаралық анти-ядролық форумда әлем жұртшылығына ядролық сынақтарға мораторий жариялауды ұсынды. Ал 2006 жылы Семейде Орталық Азиядағы ядролық қарусыз аймақ жөнінде келісімшарт жасалды. 2009 жылы Семейде өткен «Бейбітшілік миссиясы» митингісінде 29-тамыз күнінің маңыздылығы туралы айтылды. Міне, осының бәрі Қазақ елінің бейбіт өмірді жақтайтындығын, Елбасымыздың осы тұрғыдағы сарабдал саясатын дәлел-дей түседі, – дейді Сұлтан Картоев.
Халықаралық «Невада-Семей» қоз-ғалысының белсенді мүшесі Сұлтан Омарұлының айтуынша, 1989 жылы ақпан айында құрылған қозғалыстың бөлімдері КСРО-ның ірі қалаларымен қатар, Еуропа, Израиль, АҚШ-та да ашылған. Олардың көпшілігі күні бүгінге дейін жұмыс істейді. Символы бес саусағы бар ашылған алақан болатын.
Бұл сол кездегі ірі бес ядролық полигонның бар екен-дігін білдірді дейді Сұлтан Картоев. Әзірше бұл саусақтар бірігіп толығымен жұмылған жоқ. Әлемдегі барлық по-лигонның аты өшкенде ғана «Невада-Семей» қозғалысы өз жұмысын тоқтатпақ. Әзірше Қазақстан жариялаған мораторий бойынша барлық полигондар – Ресей, Қытай, АҚШ, Англия, Франция елдеріндегі сынақ алаңдары үнсіз тұр. Елімізде ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін Елбасының бастамасымен жергілікті халықты сауықтыру жұмыстары басталды.
Елбасының биылғы Жолдауында Қазақстанда атом энергетикасы дамуы тиіс деген мәселе нақты көтерілді. Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Ерлан Батырбековтың айтуынша, еліміз әлем бойынша уран өндіруден алдыңғы орында екен. Оның айтуынша, бірнеше жылдан кейін атом энергетикасын дамыту қажеттілігі туындайды. Тағы бір мәселе, ядролық сұйық отын көзін пайдалану да Қазақстанда қолға алынады.
Біз Елбасы саясатын толық қолдаймыз, – дейді Сұлтан Картоев. – «Невада-Семей» қозғалысының мүшелері алғашқы күннен-ақ бізбен бірге болған Мемлекет басшысына зор алғыстарын айтады. Бейбіт атомды халық игілігіне пайдалану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өткен күннің елесіне қамалмай, озық ғылымға, сапалы білімге қарай ұмтылған дұрыс.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button