Тәуелсіздік - 30

Бейбітшілік пен келісімді таныттық

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан Республикасы үлкен табыстарға қол жеткізді және әлемдік қоғамдастықтың жоғары мойындауы мен қолдауына ие болды. Ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің бірегей моделін құру біздің еліміздің мақтанышы мен жетістігі болып табылады.

Тарихи өлшем бойынша қысқа уақыт ішінде жоғары нәтижелерге
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап бірлік, бейбітшілік пен келісім басты құндылықтар болған жаңа мемлекет құра бастаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында қол жеткізілгені сөзсіз. Олар республика халқын біртұтас азаматтық қоғамдастыққа топтастырудың, оның әлеуетін жас мемлекетті құруға жұмылдырудың негізгі факторлары болды.

Елбасы біздің байлығымыз бен жетістігіміз тілдер мен мәдениеттердің алуан түрлілігінде екенін бірнеше рет атап өтті.

– Біз барлық қазақстандықтардың болашағы біртұтас халық болуына қол жеткізу міндетін қойдық. Оның басты негізі – азаматтық теңдік пен толеранттылық, ашықтық пен құқықтық тәртіп, қоғамның әрбір мүшесі үшін лайықты өмір сүру жағдайларын жасау жөніндегі ойлар мен практикалық істердің бірлігі! Араға үш онжылдық салып, Тұңғыш Президент таңдаған стратегиямыздың дұрыс болғанын көріп отырмыз. Егемендік таңында құрылған ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделі бүгінде Қазақстанды жедел жаңғырту үдерісінің және оның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің қатарына кіруінің қажетті шарты мен тірегі. Бүгінде еліміз этностардың ұлттық-мәдени әралуандығын сақтай отырып, этностық өзіндік ерекшелікті дамытуға бағытталған стратегиялық бағытты дәйекті және мақсатты түрде ұстануды жалғастырып келеді. Ел халқының бірлігі – біздің күш-қуатымыз бен ертеңгі күнге деген сеніміміздің аса маңызды қайнар көзі. Тек осылай ғана біз барлық сынақтардан сәтті өте аламыз. Қазақстан халқының мызғымас бірлігі әрқашан жаңа ұлы жетістіктердің сенімді іргетасы болатынына сенімдімін. “Тәуелсіздік жылдарында әралуандық бірлік бар” негізгі қағидатты атап өткен орынды. Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрінің кең палитрасын біздің баға жетпес игілігімізге айналдырды. Ынтымақтастық, бірлік, патриотизм ұлттық кодтың өзегіне айналды, – деді Тұңғыш Президент.

Мемлекеттік саясаттың негізінде мәдени, діни және өркениеттік сәйкестікті одан әрі нығайтудың, мәдени қоғамдастыққа көшудің, сондай-ақ діндер диалогын дүниежүзілік дамытудың базалық қағидаттары жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының астанасында конфессияаралық диалогтың бірегей форумына өмір сыйлаған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтіп жатыр.

Айта кету керек, Қазақстанда конфессиялардың сындарлы диалогы елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудың басты жолдарының бірі болып табылады. Көпконфессиялылық мемлекет қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтаумен байланысты өзгермейтін гуманистік құндылығы мен практикалық маңызы бар толеранттылық және өзара құрмет қағидаттарын бекітумен сүйемелденеді. Бұл үлкен байлық – қазақстандықтарға басқа халықтармен құнды мәдени жетістіктермен алмасуға мүмкіндік беретін бүкіл қоғамымыздың ортақ игілігі.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің озық дәстүрлерін құрметтей және қолдай отырып, Қазақстан осы заманғы зайырлы мемлекет құрады. Дін саяси және мемлекеттік процестерге кірмейді. Өз кезегінде мемлекет діни қауымдардың өміріне араласпайды, олардың өздерінің әлеуметтік, салттық, ағартушылық және өзге де міндеттерін толыққанды іске асыруы, қоғамдық өмірге терең интеграциялануы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Конфессиялардың/діндердің ішкі өміріне араласпау саясатын ұстана отырып, мемлекет олардың арасындағы диалогтың дамуын ынталандырады, олардың өз функцияларын толыққанды іске асыруына ықпал етеді. Осының арқасында елімізде діни институттардың айтарлықтай сандық және сапалық өсуі орын алды.

Тұтастай алғанда, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біздің елімізде конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты, онда әрбір азамат діни тиесілігіне қарамастан, Конституция кепілдік беретін азаматтық құқықтар мен бостандықтарды толық иеленді, пайдаланды. Ол жаңа үрдістерге сәйкес жетілдіре отырып, елде және әлемде болып жатқан өзгерістерге сезімтал әрекет етеді.

Д.Қасенов

(Мақала облыстық дін істері басқармасы тапсырмасы бойынша әзірленді.)

 

Осы айдарда

Back to top button