Ел ішіндегі ерекше бала

Бес жасында бұзау көтерген

Көкпекті ауданы Тассай ауылының балуаны Қабден Мырқасанов атаның шөбересі Нұрсұлтан бес жасынан бастап бұзау көтеріп жүр.

Биылғы жылы көтерген бұзауының салмағы 32 қадақтан асады. Сонымен қата гір тастарын көтеріп үйде жаттығады. Балуан баламыз Нұрсұлтан Төлеуғазы жұлдызды Жақия мектебінде оқиды. Оқу озаты. Әр сабағында алатын бағасы тек «бестіктер». Дене шынықтырумен қатар өнер мектебінде «Сырнай» аспабынан дәріс алады.

Көкпекті топырағындағы алып күш иелері Толағайдан басталады.Одан бері Садық балуан, Молдабай балуан, Апақ балуан, Дәулен балуан, Әміржан балуан және Металбек палуандар бар. Тіпті атам қазақта ауырлық көтеруден жарысып, өгіз көтергендер «өгіз балуан», түйе көтергенде «түйе балуан» дегендер де болған. Оны бүгінгі жас қауым ауданымыздағы Тассай ауылдық округінде өтетін «Тассай барысында» көрсетіп жүр.

Біз газетімізде «Ел ішіндегі ерекше бала» атты жаңа айдар бастаймыз. Онда бойындағы ерекшелігімен жұртты таңғалдырған жас жерлестерімізді халыққа кеңінен таныстыруды мақсат еттік. «Сегіз қырлы, бір сырлы» танысыңыз болса, WhatsApp номерімізге жазыңыз: 8-778-341-09-66.

 

ҚАЙРАТ БЕСБАЙЫС

Back to top button