Мәдениет

Берелде елімізде жоқ ерекше мұражай ашылды

Берелде елімізде жоқ ерекше мұражай ашылды

Мұндай мұражай Қазақстанда тұңғыш рет ашылды. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қатысуымен лентасы қиылған мұражайдың бір ерекшелігі – жәдігерлердің түпнұсқасы табылған орнында сақталады. Биыл Берелдегі 2-ші қорғаннан әшекейленген 7 жылқы, әйел адамның мүрдесі және екі құмыра табылған. Сонымен қатар, бір бұрыштан жая мен қойдың сүйектері шықты. Табылған заттарға қарағанда, әйел адам патшайым болған көрінеді. Бұл жәдігерлер көптің назарын аударғаны белгілі. Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ өзі арнайы келіп, Берел мұражайын кеңейту мақсатында, оның ішінде 2-ші қорғанның үстіне саркофаг салуға қаржы бөлінген еді. Әкімнің тапсырмасынана кейін бар-жоғы бір ай ішінде мұражай құрылысы аяқталды. Аз уақыт ішінде бой көтерген мұражай құрылысы шетелдік ғалымдарды да таңдандырды.
– Мұндай қазба жұмыстары Ресейдің Тува, Хакасия аймақтарында да жүргізіліп жатыр. Бірақ бір ай ішінде мұражай ашу мүмкін еместей көрінетін, – дейді Санкт-Петербургтің материалдық мәдени институтының профессоры Николай Боковенко. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында \”Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі\” атты ғылыми тәжірибелік конференциясы бастау алған Берелге Ресей, Түркия, Корея, Ұлыбритания мемлекеттерінен ғалымдар келді.

Мерей Қайнарұлы

(Бұл туралы толығырақ \”Дидар\” газетінің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар)

Осы айдарда

Back to top button