Экономика

Бөдененің жұмыртқасын сатып жатыр

Бөдененің  жұмыртқасын сатып жатыр

Өскемендік Жанат Тасылбаева бөдене өсіруді қолға алып отыр. Бизнес жоспарын іске асыруға оған отбасы мүшелері мен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы көмектескен.
«Бизнесті неден бастасам?» деп бас қатырған Жанат Қазақстанда мүлдем қолға алынбаған немесе енді ғана дамып келе жатқан кәсіпкерлік түрімен айналыспақшы болыпты. Интернет кеңістігін арлы-берлі ақтарған ол бөдене өсіруге бел байлайды.

Бөдененің  жұмыртқасын сатып жатыр

– Алдымен Алматыдан 100 бөдене әкелдік. Әрине, әу баста оңай болған жоқ. Талай қиындықтар артта қалды. Қазір біз осы құстың жұмыртқасын көбейтуге күш салып отырмыз. Әр бөдене күніне 30 грамдай ғана жем жейді. Оған қоса әртүрлі дәрумендер мен қоспалар береміз. Бөденелер тауық, қаздарға қарағанда көбірек және ерте жұмыртқалайды, олардың еті де өте пайдалы. Бөдененің алғашқы бір айында ғана ерекше күтім қажет, – дейді Жанат Тасылбаева.

Бөдененің  жұмыртқасын сатып жатыр

Мемлекеттен несие алып, шағын ферма тұрғызған кәсіпкер әйелдің ісі одан кейін тек қана алға басыпты. Бөдененің жұмыртқасына деген сұраныс та көп. Жұмыртқаны Ресейден әкеліп жүргендер енді оның Өскеменде де өндірілетінін естіп қатты қуанған. Қазір мейрамханалардан күнделікті тапсырыстар түсіп тұрады.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button