Білім

Бауыржан Жақып – Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі

Жақында Алматыда Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының сессиясы өтіп, академия құрамына жаңадан корреспондент-мүшелер қабылданған болатын.

Бауыржан Жақып – Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі17 жылдан кейін өткізіліп отырған жиын кезінде жерлесіміз, ақын Бауыржан Жақып «ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі» деген ғылыми атаққа ие болды.

Айта кетейік, Бауыржан Жақып Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 14 жыл кафедра меңгерушісі және осы оқу орнының журналистика факультетінің 8 жыл деканы қызметін атқарды. 21 ғылым кандидаты мен 3 ғылым докторына жетекшілік еткен. Тоғыз поэзия жинағы, онға жуық монографиялар мен оқулықтардың авторы. 2009 жылдан бері «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры қызметін атқарып келеді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button