Бастапқы жарнасыз алуға болады
Еліміздегі Центр Кредит банкі бастапқы жарнасыз ипотеканы іске қосты. Банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бастапқы жарнасыз ипотека алу үшін қосымша жылжымайтын мүлікті кепілге қою керек.
Басқа біреудің атындағы пәтер немесе жеке үй де кепілзатқа қабылдана береді. Сосын үйдің локациясына шектеу жоқ. Мәселен, ипотека Астанадағы пәтерге рәсімделсе, кепілзатқа еліміздің басқа аймағындағы баспананы ұсынуға болады. Бірақ үйдің бағасы ипотека сомасының 20 пайызынан кем болмауы керек.
Ипотеканың негізгі шарттары: шекті сомасы – 100 миллион теңге;
мөлшерлемесі ипотеканың мерзіміне қарай есептеледі (10 жыл – 17%, 15 жыл – 18,5%).
Кез келген облыстағы жылжымайтын мүлікке ипотека рәсімдеуге болады. Жаңа үйге де, қолданыстағы үйге де кредит беріледі.
Ал кепілзатқа байланысты банк тарапынан бірқатар талап қойылып отыр. Атап айтқанда, кепілге қойылатын баспананың салынғанына 50 жылдан көп болмауы керек, яғни 1973 жылдан бері қарай салынған үйлер жарамды. Үй иесінің жасы 60-тан аспауы шарт.
Жамал Ермен