Тұрғын үй

Қандай мекемелерде Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясының кепілдігі бар?

ШҚО-да бір құрылыс мекемесінде “Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы” АҚ кепілдігі бар.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы “ВВД-Құрылыс” ЖШС құрылыс мекемесінде “Diamond” ТК құрылысына “Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы”АҚ-ның кепілдігі бар. Бұл туралы облыстың Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

“Бүгінгі таңда “Royale Finance Group” ЖШС (“Emeralds “ТК),”MRS Company” ЖШС (“Grand Residence “ТК), “Дейнека” ЖШС (“Deluxe Town” ТК),  «Elit Stroy Group» ЖШС (ЖК «Renesans»)  құрылыс мекемелері атынан тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнамалағаны үшін әкімшілік соттың қаулысымен Өскемен қаласының құқық бұзушылықтары ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деді облыстық басқармада.

Сонымен қатар, ведомствоның хабарлауынша, ШҚО МСҚББ “AsilЖолGroup” ЖШС-ның  (“Sana” ТК) нысанына қатысты ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді  басталды. Аталған істің материалдары облыс орталығының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Айта кетейік, “Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы” Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес үлестік қатысу үш тәсілмен ұйымдастырылады: құрылыс мекемесі “Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы” АҚ бірыңғай операторымен кепілдік шартын жасасуы керек, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу керек, үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алуы керек.

“2 – тармаққа сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерді салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен тартуға тыйым салынады”, – деп мәлімдеді ШҚО МСҚББ.

Осы айдарда

Back to top button