Жаңалықтар

Баспаналы болу бақыты бұйырды

     Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Оңтүстік» әскери қалашықта  күрделі жөндеуден өткен 60 пәтердің кілтін әскерилер мен көпбалалы отбасыларына аудан әкімінің орынбасары Болат Сүлейменов салтанатты түрде табыс етті.

-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі мен сарбдал саясатының арқасында біздің еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді,-деді Болат Сүлейменов. -Тәуелсіздік алған жылдардан бері  мемлекетіміздің нық қадам басуы тек Елбасының арқасы. Сондықтан бұл мереке біздер үшін өте маңызды.

Бұдан кейін баспана алу бақытына ие болғандарға салтантты түрде үй кілттері табысталды.

Баспаналарға ие болып жатқан тұрғындар пәтерлер толығымен жөнделіп, ішкі әрлеу жұмыстарының сапалы жасалғандығына риза болды. Барлық үйлерде сантехникалық құрылғылар, электр плиталар, аристондар мен киім-кешек шкафтарымен жабдықталған, өрт дабыл қаққыштары, электр және су есептегіш құралдары іске қосылған.  Ауладағы жаяу жүргіншілер жолдарына асфальт төселіп, бордюрлар қойылған. Жаттығу құралдары бар ойын, спорт алаңдары орнатылыпты.

-Қорғаныс министірлігінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылатын әскери қызметшілерді тұрақты баспанамен және қызметтік үймен қамтамасыз ету  бүгінгі күні өз шешімін табуда,- дейді гарнизон бастығы полковник Сәбит Үркінбаев.

Жалпы, әскери қалашықтағы тұрғын үй ғимараттарының іргетасы 70-90 жылдары қаланған. Бір-ер жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде олардың келбеті ажарлана түскен. Мәселен, мына 18 тұрғын үйдің 16-сы толық жөндеуден өткен. Жалпы, әскери қалашықта шамамен мыңға жуық бала оқитын жаңа мектеп, 200 орындық балабақша, әскери госпиталь, азық-түлік дүкендері және басқа да нысандар, спортпен шұғылдануға арналған спорт кешені бар.

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button