Аймақтар аухалы

Бас ақынның еліндегі бастамалар

Ұлылар мекенінде өтетін Абай тойының, осы және өзге де іс-шаралардың өз деңгейінде ұйымдастырылуына, өтуіне жұмыла кірісіп, әзірлік жасап жатырмыз.

Жалпы, Абайдың 175 жылдығына байланысты облыстық жоспарда 560 іс-шара өтеді деп жоспарланған.

-Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуымыз тиіс қой. «Тойдың болғанынан боладысы қызық», тойдың сәні мен мәнін келтіріп үлкен киіз үйлер қалашығы бой көтеретіні айтылып жүр.

– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен, Семей қалалары 18 киіз үйден – 36 киіз үй, Риддер, Курчатов қалалары 3 киіз үйден – 6 киіз үй, Абай, Алтай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Күршім, Катон-қарағай, Тарбағатай, Шемонайха аудандары 6 үйден, жиыны – 66 киіз үй; Аягөз , Глубокое, Ұлан, Үржар аудандары 12 үйден – 48 үй; қосымша 3 базалық киіз үйлер, тағы да қосымша 10 киіз үй және ЖОО өз киіз үйлерін тікпек. Мереке аясында жалпы жиыны 250 киіз үй тігіледі.

– Жаңа жылдың бірінші айы өте шықты. Жоспарланып, жобаланып отырған құрылыс жұмыстары Абай тойына дейін аяқталып біте ме?

-Абайдың -175 жылдығы қарасаңында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қарауыл ауылын абаттандыруға байланысты эскиздік жоба әзірленді. Жаңа жылдан бастап Қарауыл ауылындағы су құбырына қайта жаңғырту жұмыстары, су құбырларын тарту басталып кетті. Құрылыс-монтаж жұмыстарын (жоба сомасы – 1 млрд. 650 млн. теңге көлемінде) «ВостокСтройГрупп» ЖШС жүргізеді. 2020 жылға аталған нысанға 440 000,0 мың теңге қаржы бөлінген. Қарауылда былтыр балаларға арналып үлкен бассейн салынғанын білесіздер. Бүгінде Қарауылдың ажары кіріп, қайта түлеп отыр. Аудан ауылдары ауызсумен 98 пайыз көлемде қамтылған. Орда ауылына да биыл облыс әкімінің тапсырмасымен блокты модульді станса қойылып, таза ауызсу тартылады. Қарауыл ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы да басталды. Келісімшарт құны 1 111 422, 5 мың теңге. Мердігер – «Фирма Азия» ЖШС. 2019 жылы 95 800,3 мың теңге қаржы игерілді. Жоспар бойынша нысан 1тамызда аяқталады. Былтырғы жылға дейін Кеңгірбай би ауылында – ауданымыздағы осы бір ғана ауылда мәдениет үйі жоқ еді, оған да облыс тарапынан қаражат бөлініп, қазір мәдениет үйі толық салынып бітті. Жуықта пайдалануға беріледі.

SAMSUNG CSC

Абайдың туған жері – Сырт Қасқабұлақ мекенін абаттандырудың эскиздік жобасы да жасалынып, 50,383 млн теңгелік сметалық құжат облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына ұсынылып, қаржы бөлінді. Бұрын қараусыз жатқан нысан биылдан бастап аудандық мәдениет үйінің иелігіне алынды.

Жол бойынан Сырт Қасқабұлаққа баратын 1,6 шақырым жолды жөндеу жұмысының сметасы дайындалды, құны 40,0 млн теңге. Бюджеттік өтінім облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына өткізілді. «Семей – Қарауыл» жолынан Жидебайға бұрылыстағы стелла Абайдың 125 жылдығы қарсаңында салынған екен. Қазір тозып тұр. Ол да жаңартылады. Жаңадан қойылатын стелланың сметалық құны – 26,03 млн теңге. Сондай-ақ Қарауылтөбедегі сахна, ипподром жөнделеді. Бұрын сахнаның құрылысы толық аяқталмай қалған. Дала сахнасын, құрметті қонақтар және көрермендер отыратын трибунаны салу жұмыстары 10-маусымда толық аяқталмақ. Жоба құны – 30,595 млн теңге. Қарауылтөбеге баратын жол да жарықтандырылып, жөнделеді.

Былтыр Ақшоқыдағы Құнанбай әулеті қорымын абаттандыру жұмыстары (27 546,1 мың теңгеге) жүргізіліп, қаржы толығымен игерілді. Ақшоқыда салынатын Құнанбай қажы мұражайының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

-Қаладан аудан орталығына қатынайтын автобус жоқ. Автобус бағасы Семейден Қарауылға дейін 1000 теңге болыпты, аудан тұрғындары бүгінде таксиге 2,5 мың теңге төлеп барып- келіп жүргендерін айтып жүр. Жергілікті тұрғындарға ғана емес, ұлы Абайдың тойы деп ағылатын елге, қасиетті жерді көргісі келгендерге де автобус қатынасының жоқтығы үлкен кедергі ғой.

-Иә, ауданаралық автобус жоқ. Ел таксимен қатынап жүр қазір. Былтыр Семей мен екі ортаға автобус бағытын ашқанбыз. Автобус төрт ай жүріп, тоқтап қалды, өйткені өзін-өзі ақтамады. Автобуспен қатынайтын халық өте аз, бәріне таксимен жүрген қолайлы. Абайдың 175 жылдығына байланысты автобус қатынасы мәселесін қайтадан көтеріп, тендер өткізуді жоспарлап отырмыз. Семей – Шемонайха, Семей – Өскемен бағыттарына халық ағылып жатыр, мұндай бағыттардағы тендерлерге кәсіпкерлер таласып тұрып түседі. Ал біздің ауданда тендерге түсетін адам табылмай келеді тіпті. Себебі айтып отырғанымдай, өзге жақпен салыстырғанда халық өте аз, 15 мың тұрғындай ғана. Ауданда тұрғындар аз болғандықтан, аудан орталығына келіп кететіндер сирек болғандықтан, ауданішілік автобус бағыттары да жоқ болып отыр. Мысалы, Саржалдан аудан орталығына күніне төрт-бес адам келеді, бірақ соның өзінде олар күн сайын келе бермейді. Абай тойы кезінде «Семей – Қарауыл» бағытында 8-11 тамыз аралығында жолаушылар тасымалдауға сыйымдылығы 48 адамдық 13 автобус, сыйымдылығы 22 адамдық 4 жолаушы көлігі, сыйымдылығы 60 адамдық 5 автобус қызмет ететін болады.

Былтыр және бұрнағы жылы Қарауыл – Семей тасжолын жөндеуге 2 миллиард 487 миллион теңге бөлініп, жол орта жөндеуден өтті, қазір жол сайрап жатыр.

Ауданда жұмыс істеп тұрған «Мақсұт» кен орны осы аймақтағы жалғыз-жарым өндіріс. Оған жергілікті тұрғындар жұмысқа тұра алып отыр ма?

– Қазір Абай колледжі студенттерін кен орнына жұмысқа орналастыру жағына күш салып жатырмыз. Колледжде кен орнына қажет мамандарды даярлауға баса назар аударылуда. Бұл тарапта кен орны басшылығымен былтырдан бастап тиісті келіссөздер жүргіздік. Абай колледжінің дәнекерлеуші, аспаз, токарь, слесарь мамандарын оқытуға лицензиялары бар. Енді кен орнына аса қажетті болып отырған жүргізуші тиеуші, электрші сияқты мамандықтарды оқытып, даярлап жатыр. Ол мамандар өндірістік тәжірибелерін кен орнында өтпек. Өндіріс басшылығымен осыған келісіп, былтыр меморандумға отырғанбыз. Оларға бульдозерші, экскаваторшы, маркшейдер, кен жуушы, геодезист сияқты мамандар аса қажет. Осындай мамандарымыз барып жатса, өндіріс басшылығы оларды жұмысқа алуға әзір. Қазір мұндай мамандықтары жоқ ауыл тұрғындары кен орнына тек аспазшы, күзетші, қара жұмысшы ретінде ғана алынып отыр. «Мақсұт» кен өндірісі ауданымыздағы бір ғана өндіріс көзі, ол жерде 130-дан астам адам жұмыс істеп жатыр. Өндірісте жылына 400 мың тонна мыс концентраты шығарылуда. Кәсіпорын алдағы жылдары мұнда жылына 1000 000 тоннаға дейін мыс концентратын шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс көлемі артқан сол кезде жұмысшылары 200-300 адамға дейін ұлғаймақ. Біз компаниямен салыққа тіркелуді, біздің жергілікті азаматтарды жұмысқа алуды міндеттеп, келісімге отырдық. Былтыр компанияның біздің аудандағы филиалын осында – орналасқан жеріне тіркеу ресімдері, шаралары жүргізіліп, компания филиалы біздің ауданға тіркелді. Былтырдан бері кәсіпорын филиалы алғаш рет табыс, жер салықтарын ауданға төлеуде. Соның нәтижесінде ауданда салық көлемі біршама көбейді. 2018-жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Малды өңірде мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді.

-Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан – Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button