Сайлау-2023

«Baqyla» қозғалысы сайлауды бақылауға әзір

Бақылаушылар әділдікті ту етеді. Ал тәуелсіз бақылаушылар бір жақтың жоғын жоқтап, барын түгендемейді, заңнамалық шеңберде өзіндік жұмысын атқарып, негізгі қорытындысын шығарады.

«Baqyla» қозғалысының негізгі мақсаты – сайлаудың заңнамаға сай өтуі. Бір партияның орын алуы, белгілі бір кандидаттың депутаттыққа өтуі маңызды емес. Ең маңыздысы – халықтың белсенді болуы.

– Сайлауды бақылау сайлау учаскесіндегі бір күндік әрекетпен шектелмейді. Азаматтар сайлауды бақылауға қатысу арқылы өздерінің азаматтық-саяси көзқарасын қалыптастырады, елдегі сайлау жүйесін өзгертуге де үлес қосады. Билік, өкінішке қарай, сайлау жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын нығайтудан гөрі сайлауды бақылау процесін қиындату бағытында бірнеше өзгерту енгізіп отыр. Құқық қорғау органдарының сайлау барысындағы заңсыздықтарға тосқауыл қоюға құлықсыз екені де белгілі. Демек бақылаушылардың сайлау заңын меңгеруі мен өз құқықтарын білуі жеткіліксіз, оларға «мінез» керек, – дейді саясаткер Дос Көшім.

Сондықтан ең маңызды міндет – сайлау науқанында азаматтық белсенділік танытып, өз конституциялық құқығыңызды қолдану.

 Берік Кәдірұлы,

«Baqyla» тәуелсіз бақылаушылар қозғалысының

Өскемен қаласы бойынша үйлестірушісі

Осы айдарда

Back to top button