Жаңалықтар

Банк қосымшасымен балабақшаға кезекке тұру мүмкін бе?

Үкіметте балабақшаларға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы таныстырылды.

Ол ата-аналарға ыңғайлы болу үшін және мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің толық ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Egov.kz мемлекеттік порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы баланы кезекке қою үшін бірден 4 балабақшаға дейін таңдап, кейін онлайн режимде берілген өтініштің мәртебесін бақылауға болады. Мекемелердің бірінде орын бола қалған жағдайда дереу ата-анаға хабарланады. Жалпы балабақша таңдаудан бастап, келісімшарт жасасуға дейінгі барлық рәсім электронды форматта өтеді.

Аталған цифрлық шешім қазір пилоттық режимде пысықталуда. Бірыңғай деректер базасын іске қосу 2024 жылдың қаңтарына жоспарланған.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button