Мәдениет

Балтық жағалауынан бас жүлдемен оралды

Балтық жағалауынан бас жүлдемен оралды

Үржардағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің түлегі Диана Исмаилова таяуда өзінің өнерімен Балтық жағалауындағы халықты тамсандырып қайтты. Латвияның астанасы Ригада өткен «Riga Symphony-2014» атты вокалдық ән байқауында Диана бас жүлдені қанжығасына байлады.
Қырыққа тарта мемлекеттерден келген 120-дан астам өңкей «көмейіне бозторғай ўя салған» әншілердің ішінен шоқтығы биік болған Диана қазіргі күні Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқиды. Байқау барысында ол ағылшын, латыш, қазақ әндерін нақышына келтіре орындап, үш турдан да мүдірмей өтіп, қазылардың ең жоғары ўпайларына ие болды. Кішкентайынан «Әнші балапан», «Жас қанат» балалар мен жастардың байқауларына қатысып, өз өнерін паш етіп жүрген Д.Исмаиловадан ата-анасы мен ўстаздары, ауылдастары зор үміт күтетін-ді.
– Біз Қазақстаннан тек екі үміткер ғана барған едік. Абырой болғанда, еңбегіміз еш кетпей, қазылардың әділ шешімінің арқасында жеңіс тўғырына көтерілдім. Мен үшін де, қазақ халқы үшін де бўл абыройлы жеңіс болды,-дейді ол.

Берікхан Тайжігіт
Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button