Экономика

Баламасы жоқ полигон күзде іске қосылады

Баламасы жоқ полигон күзде іске қосылады

Серебрянка қаласына қарайтын аумағы 7,5 гектарды алып жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының құрылысы аяқталды. Мемлекеттік комиссия жаңа нысанды қабылдап алды.

Мамандардың пікірінше, еліміздің Экологиялық кодексінде көрсетілген барлық талаптарға сай келетін мұндай полигон өңірдің басқа елді мекендерінде жоқ.

– Жаңа қоқыс орны бұрынғысынан қашық емес жерде орналасқан. Бірақ оның жер жағдайлары мүлдем басқаша. Мұнда жауын-шашын мен еріген қар суы жиналмайды. Мәселен, сүзгі алаңдары мен құрғатқыш құдықтардың арқасында жерасты суларының ластануы болмайды. Оған қоса, орнатылған ұңғыманың көмегімен уақтылы мониторинг жүргізуге мүмкіндік бар, – деп түсіндірген Серебрянка қаласының әкімі Сергей Гордиенко жаңа полигон бірнеше ондаған жыл бойы қолдануға жарамды екенін айтты.

Полигон осы жылдың күзінде қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Шығыс ақпарат

Осы айдарда

Back to top button