Спорт

Балалар арасындағы үстел теннисінің дамуы

Үстел теннисінің орталығы Өскемен қаласында 2022 жылдың сәуір айынан бастап қызмет етеді.

Орталықты салу арқасында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. 2022 жылдың маусым айынан бастап спорт мектебіне үстел теннисі бөлімі берілді.

Үстел теннисінің орталығында жалпы ауданы 4872,2 шаршы метрді құрайтын екі спорт залы бар, 384 отыратын орындарымен трибуналары бар. Еденіне ITTF халықаралық федерациясы мақұлдаған арнайы еден жабыны жайылған. Залдар 50 кәсіби үстелдермен жабдықталған.

Орталықтың үшінші қабатында жалпы ауданы 618,6 ш.м. жаттығу залы орналасқан. Зал 58 тренажерлармен және басқа да 159 спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Орталықтың екінші қабатында дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері орналасқан. Жоғары білікті мамандар облысымыздың спортшыларын тексеріп, емдейді. Диспансер соңғы жабдықтармен және тұз шахтасымен жабдықталған.

Үстел теннисі орталығының ашылуы қатысушылардың санын 76 адамнан 400-ге дейін арттыруға және жаттықтырушы-оқытушылар құрамының санын 3-тен 11 адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта 400-ден астам бала 11 жаттықтырушы-оқытушының жетекшілігімен үстел теннисімен айналысады.

Білім бөлімімен бірлесіп «Ашық есік күні» өтті, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың оқушылары үшін үстел теннисінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлерімен «Мастер-класс» көрсетілді.

Жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен спортшылардың деңгейін көтеру мақсатында Ресей Федерациясының мамандары шақырылды.

2022 жылы мектеп оқушылары 13 Республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысты, оның ішінде «WTT CONTENDER ALMATY» халықаралық турнирінде ерлер арасындағы жұптық жарыстарда 3 орын алды. 2023 жылы үстел теннисі спорт мектебінің оқушылары республикалық және облыстық маңызы бар 7 жарысқа қатысып, 5 жүлделі орынға ие болды. Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы ашық командалық чемпионатының (супер лига) 1-ші турында құрамында мектеп оқушылары өнер көрсеткен «ШҚО Altay Professional TTC» командасы 1 орын алды.

2023 жылдың сәуір және наурыз айларында Шымкент, Қостанай және Тараз қалаларынан келген спортшылар мен жаттықтырушылармен бірлескен оқу-жаттығу жиындары өткізілді.

Алдағы уақытта үстел теннисі орталығында Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының Қазақстан Республикасының, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандарымен бірлескен спорттық іс-шараларын өткізу жоспарлануда. Бұдан басқа, республикалық және халықаралық маңызы бар жарыстарды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ облыстық үстел теннисі федерацияларымен меморандумдар жасасу жоспарланған.

 

Осы айдарда

Back to top button