Қоғам

Бала құқығын уәкіл бақылайды

Қай елде болмасын бала құқығы басты орынла тұруы заңдылық. Қоғамдағы қауіпті оқиғалар саны артқан сайын бала өміріне алаңдаушылық та арта түседі. Осыны ескерген елеміздің Оқу-ағарту минситрлігі әр өңірден уәкіл сайлады.

Еліміздің әр өңірінен сайланған уәкілдердің бастыы жұмысы бала құқығы болмақ. Олар баланың құқығы мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе бейәректені қатысты шағымдарды қарауға құқылы. Заң бұзушылықты қарап ғана қоймай, бұл мәселеніі шешу жолын да қарастырмақ. Бала құқығына қатысты заң жобаларын дамытуға атсалысып, тиімді ұсыныстар енгізеді. Сайоанған уәкілдің қызметтік мүмкіндіктері де қарастырылған. Олар мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынақажет жағдайда кедергісіз жүгіне алады. Бірақ, атақарар жұмыстары қоғамдық негізде болмақ.

– Үкіметтің қаулысына сәйкес, қазір бұл лауазым барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалада енгізіліп жатыр. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілдерді облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері тағайындайды. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді іріктеудің негізгі критерийлері – үміткердің балалармен жұмыс істеу тәжірибесі, үкіметтік емес ұйымдардағы тәжірибесі немесе қоғамдық қызметі, сондай-ақ тағайындау кезінде балалардың құқықтарын қорғауда үміткердің қандай үлес қосқаны ескеріледі. Бұл балалардың құқықтарын қорғау саласында тәжірибесі және өз ұстанымы бар ел құрметтейтін адамдар болуы тиіс», деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Осылайша енді бала құқығын қосымша уәкілдер бақыламақ. Қоғамда қайшылық көп заманда бұл дұрыс-ақ шешім. Өйткені бала құқығы мен қауіпсіздігі басты орында болғаны маңызды.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button