Жаңалықтар

Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың артықшылығы неде?

ШҚО МКД онлайн БКМ қолданудың артықшылықтарын түсіндірді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерік Татубаев бағдарламалық бақылау-кассалық машиналарды қолданудың артықшылығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бағдарламалық БКМ қолданудың артықшылығы осы бағдарламаларды кез келген құрылғыға оңай жүктеп алуға және орнатуға болатындығында екен.

“Қазіргі уақытта кәсіпкерлерде заңды түрде қалай жұмыс істеуге болатыны және кассалық аппаратты сатып алу мүмкіндігі болмаса не істеу керектігі туралы көптеген сұрақтар бар. Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес, нарықта екі түрі бар: аппараттық және бағдарламалық. Аппараттық құрал –қағаз тасығышта чектер беру механизмінің (БКМ дербес құрылғысы) болуын болжайды, ал бағдарламалық құрал – БКМ-нің электрондық нұсқалары. Чек беру – бақылау-кассалық машиналарды қолдану кезіндегі негізгі талаптардың бірі екенін атап өткі келеді. Салық төлеуші тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату кезінде төленген сомаға чек беруге міндетті “, – деді Е.Татубаев.

Оның айтуынша, электронды БКМ өндірушілері ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен анықталған барлық тиісті техникалық талаптарды ескерген. Яғни, бұл машиналарда автоматты жаңарту функциялары ескерілген. Бүгінгі таңда бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімінде 257-ден астам БКМ моделі бар, оның ішінде 103-ке жуық онлайн модельдер.

“Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап “e-Salyq Business” мобильді қосымшасын әзірлеп, қолданысқа енгізді. Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Қосымшаның функционалдығы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін құруға және автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерін есепке алуға мүмкіндік береді. Қосымшамен есептелген жеке табыс және әлеуметтік салықтардың сомаларын тікелей қосымшада төлеуге болады”, – деп толықтырды спикер.

Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін салық әмиянының серверлері қол жетімді  және оны “Play Market”, “App Store” және “App Gallery”дүкендерінен жүктеуге болады.

 

 

Осы айдарда

Back to top button