«AMANAT»

Бақшаға қанша бала тегін барып жүр?

Ержан Әбіш

Алдағы үш жылда өңірдегі 52 мектеп жаңартылады. Бұл жөнінде Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері бойынша өңірлік қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

 

Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Сайрангүл Жұмаділова, кеңес мүшелері, білім және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысқан жиында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, колледждер үшін мемлекеттік тапсырыс санын жыл сайын 10%-ға ұлғайту, дәрі-дәрмек бағасын ауыздықтау мәселелері қаралды.

 

– Өңірде 408 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 319-ы –мемлекеттік, 89-ы – жекеменшік. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 27398 бала қамтылған. 2018 жылдан облыста балаларды балабақша кезегіне қоюдың, жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бүгінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 2400 бала, сондай-ақ жетім және ерекше балалар бақшаларға тегін баруда, – деді білім басқармасының бас маманы Раушан Халенова.

 

Облыстық партия филиалының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының 33-ші тармағы орындалуда. Соның аясында 2021-2025 жылдары 3 шағын қаладағы, 9 аудан орталығындағы, 40 ауылдағы 52 мектеп жаңғыртылмақ.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері Президент Жолдауын талқылады.

Осы айдарда

Back to top button