Қоғам

Білімге ұмтылған жастар.

«Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру» жобасының екінші лек қатысушылары ҮЕҰ тақырыбы аясында ұйымдастырылып отырған семинардаy өтті. Абай, Тарбағатай, Үржар, Аягөз және Жарма аудандарынан келген ҮЕҰ мүшелері мен бастамашыл топтар әлеуметтік жоба, жоба бюджеті, жобаны жүргізу жайлы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, жоба барысында қатысушылар семинардан алған білімдеріне сәйкес жоба қорғап, 500 000 теңге көлемінде гранттық қаржыландыру алу мүмкіндігіне ие болды.

«Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында өткізіліп жатқан тренингтер қатысушылардың әлеуметтік маңызы бар идеяларын жүзеге асыруға көмегін тигізіп, жалпы облысымызда айтарлықтай жағымды өзгеріс енгізетініне сенімдіміз.

 

#qogamgov #cisc2020
#salauat_semey

Осы айдарда

Back to top button