Мониторинг

Азық-түлік бағасына бақылау жасалды

«AMANAT» партиясының облыстық және Өскемен қалалық филиалы жанынан құрылған қала бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді.

Арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамында партия жанындағы қоғамдық кеңес, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары бар.

Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды.

Осы орайда, топ мүшелері кәсіп иелеріне бағаларды тұрақты ұстап тұруды ескерттті және бағаны негізсіз көтеру жауапкершілікке әкеп соқтыратынын айтып, осыған қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрмақ.

Дәурен Аллабергенұлы

Back to top button